
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез-келген қоғамда, кез-келген мемлекетте орын алады. Оның мүлдем жоқтығын айта алатын елдер жоқ.
Әлемнің барлық мемлекеттері сыбайлас жемқорлыққа тап болады. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетшілік проблемадан жахандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сынқатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатандату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізідуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің мағызды әдестерінің бірі-моральдық тарап үлкен рөл атқаратын заңды сақтау. Өйткені, адамгершілігі жоғары адам заңды бұзбайды. Жалпы айтқандай, егер сіз әлемді өзгерткініз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Бұдан шығатыны, егер әрбір азамат әрқашан өзінен бастаса, мысалы, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жамқорлық азаяды. Осылайша,сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс. Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы»