
2024 жылғы 15 қыркүйекте Мүткенов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1030 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 584 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 21 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Мүткенов ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Риза Алтынбековна Акимжанова үшін сайлаушылардың 377 дауысы берілді,
Еркеғали Нұралыұлы Жанғабұлов үшін сайлаушылардың 124 дауысы берілді,
Аскар Канатович Хамитов үшін сайлаушылардың 35 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 27.
Сайлау қорытындысы бойынша Мүткенов ауылдық округі әкімі болып сайланды:
Риза Алтынбековна Акимжанова, 1987 жылы туған, «Ақтоғай ауданының мансап орталығы» филиалдың басшысы, Ақтоғай ауылының тұрғыны.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы