
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күні Қазақстанда күрделі мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамдағы оң демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі келтіреді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі бағыты – оның алдын алу.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (бұдан әрі – Инспекция) ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Инспекция мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер қатаң түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес көрсетіледі, барлық мемлекеттік қызметтер ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы көрсетіледі, бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығына, карантиндік фитосанитариялық бақылауға әкеледі және қадағалау фото және бейне жазбамен міндетті түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімнің жоқтығынан орын алатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдар мамандарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері жыл сайын 270-нысан бойынша кірістер мен салық салуға жататын мүлік туралы декларациялар табыс етеді.
Инспекция өзінің функционалдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында инспекцияда 8 718 41 21-9-99 сенім телефоны жұмыс істейді.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ