
Пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар).
Пестицидтерді қолдану Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (одан әрі – Тех.регламенттер). Осы техникалық регламенттің талаптары пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, қолдануға және зарарсыздандыруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген препараттарды пайдалана отырып, химиялық шараларды жүргізу қажет.
Пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары олардың мақсатынан басқа мақсаттарда қайта пайдалану мүмкіндігіне байланысты халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Тех.регламенттердің 64-тармағына сәйкес жеткізушімен (өндірушімен, импорттаушымен, сатушысымен) шарт болған жағдайда полимерлі материалдардан жасалған металл ыдыс және арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) залалсыздандырылмаған, бірақ сырты таза және тығыз жабылған күйінде қайтарылады.
Өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізушілерден (өсімдіктерді қорғау құралдарын сатушылар) сатып алған кезде сатып алу-сату шартында пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын кім кәдеге жарататыны көрсетілуі керек.
Ауылшаруашылығытауарөндірушілер пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын қауіпті қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға рұқсат беретін лицензиясы бар ұйымдарға тапсыруға міндетті. Ауылшаруашылығытауарөндірушілер ыдыстарды заңды түрде кәдеге жарату туралы ресми құжат – кәдеге жарату Актісі немесе пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары қорғау құралдарын сатушыға беру туралы Актісі болуы керек.
Тех.регламентке сәйкес, пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицид жеткізушіге қайтару немесе ыдыстарды кәдеге жаратумен айналысатын ұйымдарға беру қажет.
Пайдаланылған пестицидтер салынған ыдыстарды зарарсыздандыру Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі берген лицензия негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады:
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ