
2024 жылғы 20 тамызда сағат 18.00-де Мүткенов ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 5 кандидат, оның ішінде 5 (100 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 5 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2024 жылғы 25 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми БАҚ жарияланады.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы