Лого

Меню

Страницы

Статья

Жемқорлыққа қарсы шаралар

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бектіу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына сәйкес, төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді;

1.Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру"

2.«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру"

3.«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу"

  1. Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілер ге есепке алу нөмірін беру"

          2024 жылдың басынан 493 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру - 493 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Дәлелдеген бас тарту хат – 3. Мемлекеттік қызмет көрсету толық «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.

          Өсімдіктер карантині саласында барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

   Сонымен бірге, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы  11 ақпандағы N 344-I Заңы 15-і-бабы 5-тармағына сәйкес,   Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың, карантиндік сертификаттың бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.

«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығының 27-тармағының                                          2-тармақшасына және 49-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметтік көрсету барысында жауапты маман карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін, көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен, қажет болған жағдайда, үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады. Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау міндетті түрде фото және бейнежазбамен жүргізіледі.

Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және өзектендіру мақсатында мамандармен ай сайын мәжіліс өткізіліп, функционалдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықты алдын алу үшін аудандық инспекция ғимараттарында «сенім телефоны» 21-9-99 ұйымдастырылған.   Мемлекеттік қызметті алушылар үшін, қолжетімді жерлерде «ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшік орнатылған.

Инспекция басшысымен жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

 

 

 «ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

 

 

Дата публикации
28 июня 2024
Дата обновления
28 июня 2024
Тип

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы