
1) Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен қамтылған (еңбек ететін) азаматтарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем :
Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;
2) Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін (еңбек етпейтін) адамдар арнаулы әлеуметтік төлем:
- арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан;
- БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінен (жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған кезде) беріледі.
2024 жылғы жағдай бойынша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істемейтін (еңбек етпейтін), 55 жасқа толған, пайдасына жиынтығында кемінде 84 ай бойына МКЗЖ төленген тұлғалар республикалық бюджет қаражаты және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері есебінен берілетін арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға тиісті өтінішпен жүгінулері қажет. Төлемдерді алуға арналған өтініште БЖЗҚ-дан төлемдерді алуға өзінің келісімін көрсету қажет болады.