
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты Қазақстан Республикасының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Инспекциясының жауапты тұлғалармен алдын-да сыбайлас жемқорлыққа сәйкес жүйелі жұмыстар түсіндіру, ақпараттық және оқыту сипатындағы ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды факторлардың бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді алуда қолайлылық жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысқа жол бермеуге арналған.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады, ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе «Электрондық үкімет» (www.egov.kz) порталы арқылы хабарласу жеткілікті.
Инспекция мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді: «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»; «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру»; «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу»; «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру».
Мемлекеттік қызметтер есептілік қағидаты негізінде қатаң түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі, барлық мемлекеттік қызметтер ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы көрсетіледі, бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығына әкеледі, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау фото және бейне жазбамен міндетті түрде жүзеге асырылады.
Бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізу болып табылады ішкі жемқорлық тәуекелдерін талдау. Шара екі ішкі талдау жоғары тұрған органдармен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізілді, талдау нәтижелері бойынша ұсынымдар берілді.
Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және өзектендіру мақсатында мамандармен ай сайын дөңгелек үстелдер өткізіліп, функционалдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізілуде.
Мәселен, 2023 жыл 35 астам жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: 24 кеңес, 4 дөңгелек үстел, 4- Ақтоғай ауданының әкімдігінің сайтында мақала, 3 тікелей трансляция халықпен Инспекция қызметі туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы.
Қаржылық бақылау шараларын іске асыру мақсатында Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері жыл сайын 270-нысан бойынша кірістер мен салық салуға жататын мүлік туралы декларациялар табыс етеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында инспекцияда 8 718 41 21-9-99 «сенім телефоны» жұмыс істейді.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ