
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ жыл сайын аудан аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды орындалудың бақылауда жүзеге асырады.
Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.
2024 жылы Ақтоғай ауданы аумағында болжамды химиялық өңдеу көлемі шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы (итальяндық прус) – 0,260 мың га алаңында; саяқ шегірткелеріне қарсы мемл. жер қорында – 0,983 мың га, АШТӨ жерлерінде – 0,500 мың га.
Ағымдағы жылы шегірткелердің саны өсуі белгіленді. Негізгі себептері болып табылады шегірткелердің биологиялық өрлеу, агротехникалық іс-шараларды сақтамау, маңызды егіс алқаптарын ауыспалы егістен алу. Бұл тыңайған жер болуына әкелді, олар шегірткелердің дамыту мен таралуына қолайлы жағдайлар жасады. Осыған байланысты шегірткелердің күбіршіктерің жою үшін агротехникалық іс-шаралар ұсынылады – тырмалау, лущение жүргізу – олардың орналасу тереңдігін күбіршіктердің (5-8 см) шегіртке саның 20-30 % төмендетеді.
Бірі ең тиімді болып танылады химиялық іс-шаралар. Шегірткелерге қарсы қолданылады әр түрлі өңдеу тәсілдері: жаппай – өңделеді барлық ұялаған аумағы; кедергілі – белгілі бір жолақтар бойынша қозғалыс бағыты шегірткеге кедергіаралық кеңістік өңдеусіз қалдыра отырып өнделеді; жергілікті – дернәсілдер жиналатын ошақтары (кулиги) өнделеді; шеттік –ауыл шаруашылығы дақылдарының айналасында орындалады.
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-5-бабының 1-тармағына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге міндетті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 2-бөлігіне сәйкес – Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай
аудандық аумақтық инспекциясы» ММ