Лого

Меню

Страницы

Статья

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы бөлігінде жүзеге асыратын, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында стратегиялық функцияларды орындауда қатысатын ведомствоның аумақтық бөлімшесі болып табылады.           

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды факторлардың бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді алуда қолайлылық жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысқа жол бермеуге арналған.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады, ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы хабарласу жеткілікті.

Инспекция мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді: «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»; «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру»; «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу»; «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру».

Мемлекеттік қызметтер есептілік қағидаты негізінде қатаң түрде мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес көрсетіледі, барлық мемлекеттік қызметтер ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы көрсетіледі, бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығына әкеледі, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау фото және бейне жазбамен міндетті түрде жүзеге асырылады.

Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және өзектендіру мақсатында мамандармен ай сайын дөңгелек үстелдер, мәжілістер өткізіліп, функционалдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізілуде.

Қаржылық бақылау шараларын іске асыру мақсатында Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері жыл сайын 270-нысан бойынша кірістер мен салық салуға жататын мүлік туралы декларациялар табыс етеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында инспекцияда 8 718 41 21-9-99 «сенім телефоны» жұмыс істейді.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
03 января 2024
Дата обновления
03 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы