Лого

Меню

Страницы

Статья

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 113-5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне кандидаттарды тіркеу сайлау жарнасын төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын енгізеді:

-  аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне кандидаттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;

         Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын енгізеді:

 - аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне кандидаттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;

Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және жергілікті бюджет кірісіне айналдырылады.

 

Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер:

 

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ақтоғай а., Абай көш. 75

БИН 980840001643

ИИК KZ950705031223001002

БИК KKMFKZ2A

ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық РМУ Комитеті

Кбе 12

КНП-119

Дата публикации
27 сентября 2023
Дата обновления
27 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы