Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2023 жылғы «15» қыркүйектегі

№ 51 қаулыға қосымша

 

 

 

2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімін сайлауды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Аумақтық сайлау округінің құрылуы туралы қаулы қабылдау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2023 жылғы 15 қыркүйек

(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.)

 

2. Ақтоғай ауданының әкімін (бұдан әрі – әкім) сайлауды тағайындау

 

Пилоттық өңірлердің тізбесі және аудан әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы облыстық мәслихаттың шешімі негізінде аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 15 қыркүйек

(113-1-б. 1-т. 2-т), 2-т.)

 

3. Сайлау округінің құрылуы туралы мәліметтерді, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей

 (22-б. 2-т.)

 

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

2023 жылғы 16 қыркүйектен басталады және  5 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

 (4-б., 113-2-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

10. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

11. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8,9-т.)

 

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Ауданының әкімдігіне кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне, 2023 жылғы 1 қыркүйекке, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 16 қыркүйектен басталады және 10 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

16. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2023 жылғы 9 қазанға дейін

 (28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

2023 жылғы 10 қазанда сағат 18.00-де басталады және  4 қарашада сағат 00.00-де аяқталады                                                                              (27-б. 2-т.)

 

19. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін Ақтоғай ауданының сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аудан әкімі

2023 жылғы 15 қазан

 (24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2023 жылғы 20 қазаннан бастап

 (26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2023 жылғы 25 қазаннан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 2 қарашадан ерте емес және

4 қарашаға дейін

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2023 жылғы 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2023 жылғы 5 қарашада, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Сайлау учаскелерінде дауыстарды санау және әкім сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды  аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей

 (113-10-б. 1- т.)

30. Әкім сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

 (44-б.)

31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
15 сентября 2023
Дата обновления
15 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы