Лого

Меню

Страницы

Статья

Егер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шоттарына аударымдар жасалмаса, олар жабылып қалады деп оқыған едім. Мен қазір қысқартуға ұшырап, жұмыссызбын. Бұл менің шотым жабылады дегенді білдіре ме? Ол жағдайда менің жинақтарым қайда кетеді?

Жоқ, шотыңыз жабылмайды. Себебі, біз дұрыс түсінген болсақ, сіздің жеке зейнетақы шотыңызда (ЖЗШ) еңбек етіп жүрген кезіңізде аударылған зейнетақы жинағы бар екен. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларына сәйкес, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ зейнетақы жинағы болмаған жағдайда, бір ай өткен соң жабылады. 

Әзірге сіздің ЖЗШ-ңызға жарна аударылмағанымен, онда қандай да бір сома бар, сондықтан жеке зейнетақы шотыңыз жабылмайды. Оның үстіне, оған инвестициялық кіріс есептеліп отырады. 

Естеріңізге сала кетейік,  зейнетақы жинағының талап етілмеген сомасын алушы не оның мұрагерлері талап еткенге дейін БЖЗҚ есептен шығармайды.  

Болашақта жұмысқа орналасатын болсаңыз, сіздің зейнетақы аударымдарыңыз ағымдағы жеке зейнетақы шотыңызға түсуін одан әрі жалғастырады.

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
22 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы