
Қазіргі уақытта зиянкестерге, өсімдік аурулары мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізудің мерзімдері жақындады.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 19-7-бабының 1-тармағына сәйкес - Пестицидтердi қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтер тiзiмiнде белгiленген тиiмдi және қауiпсiз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады; пестицидтердi техникалық регламенттердiң талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады; пайдаланылмаған пестицидтердi уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.
Пестицидтерді қолдану «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Тех.регламент). Осы техникалық регламенттің талаптары пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, қолдануға және зарарсыздандыруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
Ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын өткізетін қызмет көрсету бойынша Павлодар облысындағы аймақтық өкіл – «Фитосанитария» РММ, Парковая көш., 17 үй, телефон: 87015132064; директоры – Алпысбаев Ерлан Темірболатұлы.
Қолданылған пестицидтердің ыдыстары басқа мақсаттарда қайта пайдалану мүмкіндігіне байланысты халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Тех.регламенттің 81-тармағына сәйкес - Жеткізушімен шарт болған жағдайда, метал ыдыс немесе полимер материалдан жасалған арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) зарарсыздандырылмаған, бірақ сырты таза және тығыз жабылған күйде қайтарылады.
Тех.регламентке сәйкес, пайдаланылған пестицидтердің ыдысын пестицидтерді жеткізушіге қайтару немесе ыдысын қайта өңдеумен айналысатын ұйымдарға беру қажет.
Пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары кәдеге жаратуды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі берген лицензия негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады:
1. «Металлостройбаза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Северная Промзона ауд., No У2 ғимарат, БСН: 011040007117
2. «Шаруа» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ., Узкоколейная көш., 51, тел.: +7 7142 21 16 19, sharua2011@mail.ru.«
3. «Polymer Waste» ЖШС, Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Смағұл Сәдуақасова к-сі, 50-17 тел.: 8 (778) 5555 963 БСН 200540013922 (Павлодар қ., Торговая к-сі, 8 ӨҚҚ ыдыстарын қабылдау пунктінің мекенжайы).
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ