Лого

Меню

Страницы

Статья

Азаптауды болдырмаудың алдын алу шаралары

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаптаумен байланысты қылмыстарды тергеуде жүйелі тәсілді енгізудің маңыздылығын атап өтіп, осы бағытқа жауапты прокуратура органдары болып шешілді.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері азаптауды қолдану бойынша барлық қылмыстық істерді еліміздің арнайы прокурорлары тергеп жатыр.

Азаптаудың алдын алу мақсатында облыстың барлық құқық қорғау органдары, оның ішінде Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімі де тергеушілердің «мөлдір» кабинеттерімен және кезекші прокурорлардың кабинеттерімен жабдықталған.

Азаптауды қолданудың алдын алу аясында жергілікті бөлімнің бақылау-өткізу пунктінде байланыстағы прокурорлардың кезекшілік кестесі ілінген. Тиісті сигналмен прокурорлар тәуліктің кез келген уақытында жауап беруге дайын.

Сонымен қатар, қызметтік бөлмелерінде, уақытша ұстау изоляторында және әкімшілік қамауға алынғандарға арналған камерада күнделікті тексеру жүргізіледі.

Соңғы бірнеше жылда жүргізілген осындай тексерістердің нәтижесінде Ақтоғайдың кезекші прокурорлары полиция бөлімшесінің қызметтік бөлмелерінен үш сағаттан астам ешқандай процессуалдық беітусіз күштеп ұсталған 4 адамды босатты.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес қылмыстық қудалау органдарының барлық ғимараттарында бейне бақылау жүйесі орнатылды.

Сондай-ақ қадағалау органының қызметкерлері түнгі уақытта, мереке және демалыс күндерінде полиция тексеруін бір мезгілде жүргізетін «Қорғау» республикалық қадағалау-алдын алу іс-шаралары жүйесі бар.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданымызда бірде-бір азаптау дерегі тіркелген жоқ. Алайда, облыс бойынша ондай 12 факт тергелуде.

Тергеу мен анықтаудың заңсыз әдістерін көрсеткені үшін азаптауды жасаған қызметкерлер ғана емес, сондай-ақ міндеттеріне қол астындағы қызметкерлердің қолданыстағы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету кіретін олардың тікелей басшылары да жауапкершілікке тартылатынын атап өткен жөн.

Жуырда Павлодар облысының прокуратурасында тергеудің заңсыз әдістерін қолданудың, азаптауды қолданудың жолын кесу, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және ішкі істер органдарында бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті (2023 жылғы ақпанда БП, ІІМ, ҚМА, СЖҚА бірлескен бұйрықтарымен бекітілген).

ҚР ҰҚКД, ПД, ЭТД, СЖҚАД, ҚАЖД басшылықтың және барлық  қызметкерлердің қатысуымен жиын өтті. Бейнеконференция байланыс арқылы аудан прокурорларымен, аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуы қамтамасыз етілді.

Кездесуге сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі А.А. Жакупов және ҰАТ Павлодар облысы бойынша өкілі С.Н. Молчанов қатысты.

Жоғарыда айтылғандарды хабарлай отырып, Ақтоғай ауданының прокуратурасы жоғарыда аталған фактілер бойынша 21-2-67, 21-2-68 телефондары арқылы немесе тікелей өтінішпен байланысу мүмкіндігі бар екенің ескертеді.

 

Ақтоғай ауданының прокуроры С.Х. Асаинов

Дата публикации
31 марта 2023
Дата обновления
31 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы