Лого

Меню

Страницы

Статья

Электрондық аукционды өткізілмеді деп жариялаудың салдарлары

1. Электрондық аукцион өткізілмейді деп танылған кезде, өндіріп алушы электрондық аукцион өткізілмейді деп танылған күнінен бастып бес жұмыс күні ішінде сот орындаушысына өтініш беру арқылы мүлікті бағалау құны  бойынша өзіне қалдыруға құқылы. Өндіріп алушының мүлікті өзіне қалдыру тіралы өтінішінің болмауы өндіріп алушының мүлікті қабылдаудан бас  тартуы деп танылады.

2. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде сот орындаушысы тиісті өтінімді біріңғай электрондық сауда алаңында қайталап ораналастыру арқылы электрондық аукцион рәсімін тағайындайда.

3. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде, өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлкінің құнынан атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын мүліктің берілген құнына мөлшерлес өтейді. Бұл сома кейіннен  борышкерден өндіріп алынуға жатады.

4. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған мүлікті электрондық аукцион өткізу арқылы өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді. Мүлік электрондық аукцион өткізу арқылы өткізілмеген және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады және борышкердің өзге мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөнінде одан әрі шаралар қолданылады. Бұл ретте мұндай  мүліктен тыйым салу осы Заңның 47- бабына көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана алып тасталды.

 

«Павлодар облысының әділет департаменті

 республикалық мемлекеттік мекемесінің

 «Сот актілерін орындау жөніндегі

Ақтоғай ауданаралық аумақтық бөлімі»

 филиалының Басшы-аға сот орындаушы

Жакенова Л.Е.

 

Дата публикации
16 марта 2023
Дата обновления
16 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы