
1. Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, маман атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болсы немесе өзге де мән-жайлар, атам айтқанда, тараптардың, олардың өкілдерінің бейтараптығына кумән тіғызатын туыстық қатынастары орын алса, олар атқарушылық іс жүргізуге қатыса алмайды және одан бас тартуға тиіс.
2. Бас тартуға мән-жай болған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамадр бас тартатынын мәлімдеуге міндетті. Бас тарту атқарушылық әрекеттер жасау басталғанға дейін дәлелденіп, жазбаша түрде мәлімделуге тиіс. Егер бас тартуға негіз туындаса және ол жөнінде атқарушылық әрекеттер жасау басталып кеткеннен кейін белгілі болса, оған орындау процесінде жол беріледі.
3. Мемелкеттік сот орындаушысынан бас тарту туралы мәселені аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушысы шешеді, бұл жөнінде тиісті дәлелді қаулы шығарылады.
Аудармашыдан немесе маманнан бас тарту туралы мәселені сот орындаушысы шешеді, бұл жөнінде аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушысы бекітетін тиісті дәлелді қаулы шығарылады.
Осы баптың 1-тармағында аталған негіздер болған жағдайда жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтарады, бұл туралы қаулы шығарады.
4. Сот орындаушысынан бас тартуға қарсылық білдіру туралы қаулыға белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы және назарлық білдірілуі мүмкін. Шағым жасалу немесе наразылық білдіру атқарушылық әрекеттер жүргізуді тоқтата тұрмайды.
«Павлодар облысының әділет департаменті»
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
«Сот актілерін орындау жөніндегі Ақтоғай ауданаралық
аумақтық бөлімі» филиалының
Басшы - аға сот орындаушы Жакенова Л.Е.