Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы бөлігінде жүзеге асыратын, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында стратегиялық функцияларды орындауда қатысатын ведомствоның аумақтық бөлімшесі болып табылады.       

Инспекция мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады.

Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері функционалдық  міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында негізгі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы  18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, ұсыну және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» жарлығы.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің 29 желтоқсандағы Жарлығы.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысы.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзүшылықтарды анықтау, ашу және тергеу функцияларын  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі жүзеге асырады.

Агенттік мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі профилактикасы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының сақталуын бақылау саласындағы үәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімнің жоқтығынан орын алатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдар мамандарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында инспекцияда 8 718 41 21-9-99 сенім телефоны жұмыс істейді.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
22 декабря 2022
Дата обновления
22 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы