Лого

Меню

Страницы

Статья

Мен келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым, алайда, менің білуімше, қазірдің өзінде кейбір мамандықтар бойынша еңбек етіп жүрген қызметкерлер үшін қосымша 5% төленеді. Бұл туралы толығырақ айтып берсеңіз

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - агент (жұмыс беруші) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын өз жұмыскерлерінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) өз қаражаты есебінен аударатын ақша. Кәсіптер мен лауазымдардың, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген. МКЗЖ мөлшері жұмыскердің табысының 5% құрайды.  

Егер жұмыс беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде арнаулы салық режимі қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъект болмаса, МКЗЖ ұлттық валютамен табысы төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Мемлекеттік кіріс органдары МКЗЖ аударылуын бақылайды және егер жұмыс беруші қаражатты қызметкердің шотына уақытылы аудармаған жағдайда, жұмыс берушіден қаражат өндіріп алынады, олар мерзімі өткен әрбір күн үшін есептелген өсімпұлмен БЖЗҚ-дағы шотына аударылады.

Дата публикации
08 декабря 2022
Дата обновления
08 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы