Лого

Меню

Страницы

Статья

Сайлауда дауыстарды санау қалай жүреді?

Егер осы учаскеде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, барлық сайлау учаскелерінде президентті сайлау кезінде дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша жиырма сағаттан басталады. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталады.

Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру қорытындылары белгіленгенге дейін үзіліссіз жүргізеді, дауыс беру қорытындылары дауыстарды санау кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес қатысып отырған адамдардың назарына жеткізілуге тиіс. Сайлау учаскесіндегі дауыстарды санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс.

Дауыстарды санау әрбір кандидат, «барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Дауыс беруге арналған жәшіктерді тиісті сайлау комиссиясы комиссия төрағасы дауыс берудің аяқталғаны туралы жариялағаннан кейін ашуға тиіс. Дауыс беру аяқталғанға дейін жәшіктерді ашуға тыйым салынады.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін бюллетеньдері бар жәшіктер ашылғанға дейін учаскелік сайлау комиссиясы бюллетеньдер алған сайлаушыларды сайлаушылардың тізімдері бойынша санайды және олардың жалпы санын айқындайды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы немесе оны алмастыратын комиссия мүшесі санау нәтижелерін жария етеді және оларды дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаға енгізеді.

Бірінші кезекте тасымалданатын сайлау жәшіктері ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшігіндегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкіндігін беру туралы жазбаша өтініштердің санына сәйкес келуге тиіс. Егер тасымалданатын сайлау жәшігінде белгіленген үлгідегі сайлау бюллетеньдері жазбаша өтініштердің тиісті санынан көп болса, онда осы жәшіктегі барлық сайлау бюллетеньдері жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшігінен алынған барлық сайлау бюллетеньдерін жарамсыз деп тану туралы акт жасалады, онда сондай-ақ осы тасымалданатын сайлау жәшігінің көмегімен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді өткізген комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Дауыс беруге арналған тасымалданатын сайлау жәшіктерін ашқаннан кейін стационарлық сайлау жәшіктері ашылады.

Сайлау жәшіктерін ашпас бұрын барлық пайдаланылмаған бюллетеньдерді тиісті сайлау комиссиясы есептейді және жояды.

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
05 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы