
Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған жәшіктердің мөлдір материалдан жасалғаны болуын белгілейді.
Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беруге арналған пунктті жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, стационарлық сайлау жәшігі қалыңдығы кемінде 0,5 сантиметр, биіктігі 90 сантиметр, ені 50х50 сантиметр мөлдір материалдан (органикалық шыны) жасалған жәшік түрінде болады, оның жоғарғы қақпағында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салуға арналған ойығы бар (ортасында) - ұзындығы 15 сантиметр, ені 0,5 сантиметр, жәшік пен қақпағы мөр басуға немесе пломбалауға бейімделген.
Тасымалдауға арналған тұтқалары бар тасымалданатын сайлау жәшігі қалыңдығы кемінде 0,5 сантиметр, биіктігі 40 сантиметр, ені 30х30 сантиметр мөлдір материалдан (органикалық шыны) жасалған жәшік түрінде болады, оның жоғарғы қақпағында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салуға арналған ойығы бар (ортасында) - ұзындығы 15 сантиметр, ені 0,5 сантиметр, жәшік пен қақпағы мөр басуға немесе пломбалауға бейімделген.
Сайлау жәшіктерінің алдыңғы бөлігінде диаметрі 23 сантиметр болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналастырылады.