
Учаскелерде толтырылған бюллетеньдерді суретке түсіру немесе видеоға түсіру және олармен селфи жасау заңды. Бірақ оларды әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды. Себебі, мұның өзі үгіт болып саналады. Ал сайлау күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.
Бұл ретте ешкімнің қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға құқығы жоқ. Басқа адам бейнеленген бейнелеу туындысын (картина, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта жариялауға және таратуға онда бейнелен адамның келісімімен ғана жол беріледі (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабы).
Мұндай тәсіл субъектінің келісімімен қол жеткізу еркін болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректер туралы заңнаманың талаптарына да негізделеді («Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы).
Тиісінше, фото және бейнежазба сайлаушылардың дербес деректерінің, оның ішінде сайлаушылар тізіміндегі, толтырған бюллетеньдерінің және т. б. құпиялылығы сақталатындай түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандар фото және видеожазбаны жүргізу дауыс беру құпиясын және сайлаушылардың дербес деректерін қорғауды ескере отырып ғана жүргізілуі тиіс екенін және азаматтардың бейнесін олардың келісімін алғаннан кейін пайдалануға болатынын аңғартады.