Лого

Меню

Страницы

Статья

Кім байқаушы бола алады?

Байқаушының Қазақстан Республикасының саяси партияларынан, өзге де қоғамдық бірлестіктерінен, коммерциялық емес ұйымдарынан өкілеттігі оның тегін, атын, әкесінің аты көрсете отырып, жазбаша формада куәландырылуы тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу жолымен байқаушыны тіркеу үшін ұсынылады.

Шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруларды Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жіберуі мүмкін.

Шақырулар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі. Шақыруда миссияның саны мен құрамына, сондай-ақ миссияда гендерлік теңгерімді, елдік өкілдікті қамтамасыз етуге қатысты тілектер қамтылуы мүмкін.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанынан аккредиттеледі.

Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өздерінің байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды.

Дата публикации
16 ноября 2022
Дата обновления
05 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы