
Тыныштық күні - сайлау күнінің алдындағы күн. Бұл күні және сайлау күні кез-келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.
Бұл ретте бұрын сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде ілінген баспа үгіт материалдары бұрынғы орындарда сақталуы мүмкін.
Бұрын Интернет желісінде орналастырылған үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.