
Республикада сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
Сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін: республиканың Орталық сайлау комиссиясы; аумақтық сайлау комиссиялары; учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.
Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
Сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен айқындалады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, төрағалары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының хатшылары өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.