
Кез келген азамат дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 20 қазанға дейін өзіне ыңғайлы дауыс беретін сайлау учаскесін таңдай алады.
Ол үшін ол көрсетілген күннен кешіктірмей таңдалған сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша әкімдікке кез келген ыңғайлы форматта (жазбаша немесе электрондық сервистер арқылы: е-Өтініш, блог-платформалар және т. б.) өтініш беруі қажет.
Бұл ретте әкімдік азаматты тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізімінен шығарады және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізеді.
Егер азамат көрсетілген мерзімде әкімдікке жүгінбесе, онда оның тағы бір мүмкіндігі бар. Ағымдағы жылғы 4 қарашадан бастап 19 қараша күнгі сағат 18.00-ге дейін азамат сайлау учаскесіне келіп, ол тізімге енгізілген және сол жерден есептен шығару куәлігін ала алады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Алынған куәлік оған елді мекеннен тыс кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, дауыс беру күні белгілі бір сайлау учаскелерінде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс беруге мүмкіндік беретін электрондық сервис жұмыс істейтін болады.
Сервис сайлаушыға 1 күндік тіркеуді алуға, сайлаушылар тізіміне қосылуға және дауыс беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.