Лого

Меню

Страницы

Статья

Қаржыны сақтандыру аннуитетінен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 60-бабына бірқатар өзгерістер енгізіледі.

Заңның 60-бабының 14-тармағында зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасаған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі белгіленген.  БЖЗҚ-ға қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі сатып алу сомасы мен заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.

Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома қалуы тиіс.

Осы тармақтың күші Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылатынын атап өтеміз.

БЖЗҚ-ға ақшаны қайтаруды жүзеге асыру үшін салымшы (алушы) 12.09.2022 жылдан бастап салымшымен (алушымен) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуі қажет.

Дата публикации
01 ноября 2022
Дата обновления
01 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы