
Сайлау учаскелері сайлаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында және жергілікті және өзге де жағдайларды ескере отырып құрылады.
Сайлау учаскелері мынадай шарттар ескеріле отырып құрылады:
1) әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушы;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерде әкімшілік-аумақтық құрылымның шекараларын сақтау.
Әскери бөлімдерде, ҚР-ға тиесілі және сайлау күні жүзіп жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, шалғай және жету қиын аудандарда азаматтар орналасқан жерлерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында тиісінше, олардың орналасқан жері, кеменің тіркелген порты немесе орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері құрылады. ҚР шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан аумағында республика Сыртқы істер министрлігі орналасқан сайлау округіне жататын сайлау учаскелері құрылады.
Сайлау учаскелерін құру тиісінше кеме капитандарының, бөлімдер немесе әскери құрылымдар командирлерінің, жоғарыда аталған мекемелер басшыларының, тиісті әкімдер мен республиканың Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша жүзеге асырылады.