- Атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындайтын, арнаулы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн, сондай-ақ тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізу, сату, тасымалдау, сақтау үшін сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша тиісті қаулысымен маманды тағайындай алады. Қажет болған жағдайда бiрнеше маман тағайындалуы мүмкiн.
- Қорытынды беру немесе қажетті әрекеттерді жүргізу үшiн қажет арнаулы бiлiмi бар, іске мүдделі емес адам маман ретiнде тағайындалуы мүмкiн.
- Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргiзiлетiн жұмысты орындағаны үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығындар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады.
«Павлодар облысының әділет департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің «Сот
актілерін орындау жөніндегі Ақтоғай ауданаралық
аумақтық бөлімі» филиалының
Басшы- Аға сот орындаушы Жакенова Л.Е.
-