- Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмесе, өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашы шақыра алады. Кәмелетке толған, әрекетке қабiлеттi, iске мүдделi емес, атқарушылық әрекеттерді жүргiзу үшiн білуі қажеттi тiлді меңгерген кез келген тұлға аудармашы бола алады.
- Аудармашының өз еңбегi үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады.
- Көрінеу дұрыс аударма жасамаған жағдайда аудармашы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, бұл туралы оған сот орындаушысы ескертеді.
«Павлодар облысының әділет департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің «Сот
актілерін орындау жөніндегі Ақтоғай ауданаралық
аумақтық бөлімі» филиалының
Басшы - Аға сот орындаушы Жакенова Л.Е.
-