- Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.
- Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптардың негіздерін көрсетуге де міндетті.
- Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер ұсыну атқарушылық құжатты орындамау болып табылады.
- Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелуі мүмкін.
«Павлодар облысының әділет департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің «Сот
актілерін орындау жөніндегі Ақтоғай ауданаралық
аумақтық бөлімі» филиалының
Басшы - Аға сот орындаушы Жакенова Л.Е.
-