2026 жылғы 1 ақпанда Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3176 азамат енгізілді. Дауыс беруге 1913 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 70 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Ақтоғай ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жусупов Аспан Калкаманович үшін сайлаушылардың 963 дауысы берілді,
Каримов Азамат Серикович үшін сайлаушылардың 56 дауысы берілді,
Неғметолла Қолғанат Ерланұлы үшін сайлаушылардың 740 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 31.
Сайлау қорытындысы бойынша Ақтоғай ауылдық округі әкімі болып Жусупов Аспан Калкаманович сайланды, ол 1993 жылы туған, Ақтоғай аудандық сотының аға сот приставы, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының тұрғыны.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы