Ақтоғай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы

(VIII шақырылған, кезектен тыс XLV сессиясы)

 

Ақтоғай ауылы                           № 252/45                2025 жылғы 29 желтоқсан

 

Ақтоғай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қосымша беріліп отырған Ақтоғай ауданының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму Жоспары бекітілсін (бұдан әрі Жоспар).
  2. «Ақтоғай ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жыл сайын Жоспарың уақытылы қаржыландыруын қамтамасыз ету.
  3. «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2026, 2027, 2028, 2029, 2030 жылдардың 1 ақпан мерзіміне дейін аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына Жоспар орындалуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Мәслихат төрағасы                                             Ж. Ташенев

Қосымша
Дата публикации
15 января 2026