Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының № 1, 3, 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу туралы

          Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 29 қазандағы № 36 қаулысы негізінде Ақтоғай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына тіркелді:

 

- №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша - Какимова Гульдана Ертаевна, ол 1981 жылы туған, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің «Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы жалпы орта білім беру мектебі» КММ директоры, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында тұрады.

 

- №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша - Оспанова Бибигуль Конкушевна, ол 1966 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында тұрады.

 

- №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша - Алтыбасаров Марат Еркишевич, ол 1977 жылы туған, «Жиырма бес» ЖШС басшысы, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылында тұрады.

 

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
29 октября 2025