Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ақтоғай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

 

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 25 қыркүйектен (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Ақтоғай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта tic_pav_akt@saylau.kz, мекенжайы: Ақтоғай ауылы, М.Қайырбаев көшесі 92, «Ақтоғай ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ғимараты) ұсынуға тиіс.

 Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 августа 2025