2025 жылғы 29 маусымда Қараоба ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1003 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 635 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 20 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қараоба ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Кетиков Ризабек Рыспекович үшін сайлаушылардың 259 дауысы берілді,
Рахимов Бекзат Магауянович үшін сайлаушылардың 148 дауысы берілді,
Хамитов Аскар Канатович үшін сайлаушылардың 206 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.
Сайлау қорытындысы бойынша Қараоба ауылдық округі әкімі болып сайланды:
Кетиков Ризабек Рыспекович, 1988 жылы туған, "ЫРЫС" ФҚ басшысы, Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының тұрғыны.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы