Қожамжар ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2025 жылғы 15 сәуірде сағат 18.00-де Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Қожамжар ауылдық округі бойынша барлығы  3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен ұсынылды, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.

         Орташа бәсекелестік - 3  адам. 

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 20 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми БАҚ жарияланады.

 

Ақтоғай аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 апреля 2025