2025 жылғы 16 ақпанда өткен Жалаулы ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 16 ақпанда Жалаулы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 580 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 381 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Жалаулы ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Арман Мейрамұлы Абесинов үшін сайлаушылардың 34 дауысы берілді,

Абай Балғабайұлы Шамшиденов үшін сайлаушылардың 320 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 16.

Сайлау қорытындысы бойынша Жалаулы ауылдық округі әкімі  болып Абай Балғабайұлы Шамшиденов, 1986 жылы туған, «Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтоғай ауылының тұрғыны сайланды.

 

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 февраля 2025