«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жоба

 

 

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік Ереженің негізінде Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

осы қаулы Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 284 қаулысының күші жойылды деп танылсын.     
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Аудан әкімі                                                                       Қ. Арынов

Қосымша
Дата публикации
12 февраля 2025