Жалаулы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Павлодар облысы Ақтоғай  ауданы

Жалаулы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

        

2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 18.00-де Ақтоғай  ауданы Жалаулы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Жалаулы ауылдық округі бойынша барлығы  4 кандидат, оның ішінде 1 (25 %) – саяси партиясымен ұсынылды, 3 (75 %) - өзін-өзі ұсынды.

         Орташа бәсекелестік - 4  адам. 

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 26 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми БАҚ жарияланады.

 

Ақтоғай аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 января 2025