«Ауыл тынысы» ЖШС

Аудандық маңыздағы қала, ауыл, кенттер мен ауылдық округ әкімдерін сайлауына газетке берілетін үгіттеу-ақпараттық материалдарды қабылдау шарты, тәртібі және формасы мен төлем көлемі туралы МӘЛІМЕТ

 

«Ауыл тынысы» ЖШС-сы аудандық маңыздағы қала, ауыл, кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне кандидат тұлғалардың өмірбаяндық мәліметтерін, сайлауалды бағдарламаларын жариялау бағасы бір шаршы сантиметрі  300 (үш жүз) теңгені құрайды.

Сайлау комиссиясының ақпараттық материалдарын орналастырудың төлемақы бағасы –

бір шаршы сантиметрі 300 (үш жүз) теңге.

Материалды ұсыну және орналастыру тәртібінің шарты: Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларының ережелері, ақпараттық қызмет көрсетуге келісім шарт және төлем жасалған соң, кезекті газет нөміріне жарияланымға шығару үшін сәрсенбіден кешіктірмей редакцияда қабылданады (қағаз тасымалдағышта жауапты тұлғаның қолы қойылып және электронды түрде (флеш-тасымалдағыш және т.б.).

Кандидаттардың материалдарын жариялау кезегі материалдың редакцияға түсу тәртібі бойынша жүргізіледі. Егер материал бір уақытта түскен жағдайда орналастыру тәртібі жеребе тарту арқылы анықталады. Материалдар 1-ші, 7-ші және 8-ші беттерден басқа барлық беттерде жарияланады.

Материалдарды орналастыру бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 140200, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97 үй,  «Ауыл тынысы» ЖШС-сы. E-mаil: a.tynysy39@mail.ru. Телефон 8(71841) 21458.

Дата публикации
21 января 2025