Сайлау учаскелерінің шекаралары

Ақтоғай ауданы әкімінің

және Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

2025 жылғы 16 ақпанға Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалуына байланысты және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес сайлаушыларды Ақтоғай аудандағы Жалаулы ауылдық округінің аумағында құрылған сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабардар етемін:

 

Сайлау учаскелерінің шекаралары

 

№ 163 сайлау учаскесі

Шекарасы: Шолақсор ауылы

Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Шолақсор ауылы, Мира көшесі 1, «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Шолақсор ауылының ауылдық Мәдениет үйі ғимараты;

 

№ 164 сайлау учаскесі

Шекарасы: Жалаулы ауылы

Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Жалаулы ауылы, Абай көшесі 22, «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Жалаулы ауылының ауылдық клубы ғимараты;

 

№ 165 сайлау учаскесі

Шекарасы: Балтасап және Қарасу ауылдары

Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Балтасап ауылы, Жеңіс көшесі 15, «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Балтасап ауылының ауылдық клубы ғимараты.

Дата публикации
10 января 2025