Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 101/13 «2024-2026 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

  

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 101/13 «2024-2026 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 101/13 «Қараоба ауылдық округінің «2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 80905 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 5835 мың теңге;

салық емес түсімдер  - 115 мың теңге;

трансферттер түсімі - 74955 мың теңге;

2) шығындар - 81155 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) -  - 250 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 250 мың теңге;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы

 

Ж. Ташенев

 



Қосымша
Дата публикации
25 ноября 2024