Жоба
Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесібекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Ж. Ташенев