Жоба
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Павлодар облысы Ақтоғай ауданының елді мекендерінде бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1-7 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Павлодар облысы Ақтоғай ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері осы шешімнің 8 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 199/45 «Павлодар облысы Ақтоғай ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелді) шешімі күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.