Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы

Жоба

 

 

Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  2. Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
  3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің  «Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2022 жылғы 5 тамыздағы № 223 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29094 болып тіркелді);

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 223 «Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 19 қазандағы № 351 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409-14  болып тіркелді)

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Аудан әкімі

Қ. Арынов



Қосымша
Дата публикации
09 октября 2024