Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жоба

 

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдыналу және жою жөніндегі Ақтоғай ауданы комиссиясының кезектен тыс отырысының хаттамалары негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

  1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 «Ақтоғай ауданы аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 27437 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 1ш «Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 192400 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қ. Арынов

 

Дата публикации
02 июля 2024