Жоба
Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы № 67/9 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы № 67/9 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7402-14 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.