«Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Осылай, «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ (қызметі Павлодар облысы Ақтогай ауданы әкімдігінің 2022 ж. 08.10. № 222 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады) ол мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін реттейтін қабылданған және жоспарланған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған ветеринария, техникалық инспекция саласында, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бөлімнің қызметіне талдау жүргізілді. Жария талқылаулар, сондай-ақ аналитика көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ ҰК бұйрығымен бекітілген мемлекеттік  қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетті.

2023 жылы барлығы 335 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлік беру» - 52;

2) «Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру» - 126;         

3) «Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу» - 30;

4) «Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» - 127.

Аудандық СМИ «Ауыл Тынысы» № 7 (9502) 18 ақпанда 2023 жылы газеттерінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы 1 мақала жарияланды.

2023 жылы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ақпараттық жүйелер мен техникалық мүмкіндіктерді интеграциялау қажеттілігі бағаланды. Қорытындысы бойынша ұсыныстар енгізіліп, Павлодар облысының әкімі аппараты жолданды.        

Мемлекеттік қызмет стандарттары екі тілде орналастырылған ақпараттық стенд бар.  

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Осыған байланысты ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру түймесі бар.

Бөлім ғимаратында, сондай-ақ интернет-ресурста бөлім қызметкерлері тарапынан жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін «Сенім телефоны» көрсетілген көрнекі ақпарат орналастырылған. Бөлім басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бар.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы                                                                                            Н. Жылқыбаев

Дата публикации
13 мая 2024