Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 34/5 «Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 маусымдағы № 34/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183414 болып тіркелген) келесі толықтыру:

көрсетілген шешіммен бекітілген жоспардың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

8) осы жоспарға 8-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысының маусымдық маршруттарын белгілейтін уақытша (маусымдық) пайдаланудағы мал айдау трассаларының (бұдан әрі-мал айдау) схемасы.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

Қосымша
Дата публикации
10 апреля 2024